Арнаулы кәсіптік колледжге
ҚОШ КЕЛІПСІЗ !
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!
Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Арнаулы кәсіптік колледжі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүмкіндігі шектеулі балалардыоқуға қабылдайтынын хабарлайды. Оқуға 9-шы және 11-ші сыныптан кейін ІІ-ІІІ топтағы мүгедек балалар қабылданады. Сондай ақ бөгде адамның көмегінсіз жүріп-тұра алатын І топтағы балалар қабылданады.
БІЛІМ АЛУШЫЛАР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА БОЛАДЫ!
- 5 мезгіл тамақ (құнарлығы өте жоғары).
- Медициналық қызмет көрсету (физ.кабинет,ЛФК,дәрі-дәрмектер тегін беріледі).
- Киім беру (екі маусымды киім-кешек ж/е оқу құралдары тегін беріледі).
- Жатақханада тұру (душ, монша, санитарлық қызмет, бөлек бөлме, демалыс орындары, оқушыларға арналған көлік, тренажер залы).
- Білім тегін беріледі (қалалық мәдени іс-шараларға қатысу, мерекелі кештер тегін, саяхаттау).
- Мүгедектік зейнетақылары толығымен сақталыып отырады.
- Үздік студенттерге шәкіртақы беріледі.
ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ТӨМЕНДЕГІ ҚҰЖАТТАР ҚАЖЕТ:
- Өтініш (арнайы формада)
- Жеке куәлік немесе паспорт көшірмесі
- Білімі туралы құжат (аттестат)
- Мүгедектік туралы МӘСҚ анықтамасы
- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның, ауданның, облыстыңжұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы
- АОЖБ-ның кәсіптік және әлеуметтік бөлігі (ИПР)
- 075/у үлгісіндегі медициналық карта немесе анықтама
- Ауру тарихының көшірмесі
- Амбулаториялық карта
- №063 денсаулық картасы
- Наркологиялық және психикалық диспансерден анықтама
- 3/4 өлшемдегі 2 дана фото
- Скоросшиватель, конверт
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ:
20 маусымнан — 25 тамызға дейін күндізгі оқу бөліміне сұхбаттасу арқылы қабылданады.Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы өтеді. Колледжге қабылдау 31 тамыз. Жатақханаға 31 тамыздан бастап орналастырылады. Бітірген білім алушыларға “Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы”, “Бухгалтер-кассир”, “Арнайы тігінші” квалификациясы тағайындалып, МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ беріледі.
Байланыс:
Медициналық құжаттар бойынша:
Гүлжан Амантаевна +7 (702) 246-95-63
Жалпы сұрақтар бойынша:
Гүлдана Сейітпаевна +7 (705) 299-37-57
МАМАНДЫҚТАР ТІЗІМІ:
2. 07230100 — Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу.
3. 06120100 — Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)
ОҚЫТУ ТІЛІ:
Қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.
ОҚУ МЕРЗІМІ:
9 сынып негізінде — 2 жыл 10 ай.
ЕСКЕРТУ:
I топтағы мүгедек балалар және эпилепсия, туберкулез, психикалық жүйке ауруларымен сырқат балалар оқуға қабылданбайды.